Тәж-Махал екі айлық үзілістен кейін ашылды

Фото: pixabay.com

Үндістанның ең әйгілі сәулет ғимараты Тәж-Махал кесенесі ашылды. Тарихи нысан карантин салдарынан екі ай жабық болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның ең әйгілі сәулет ғимараты Тәж-Махал кесенесі ашылды. Тарихи нысан карантин салдарынан екі ай жабық болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Үндістанның Агра қаласындағы археологиялық басқармасының басшысы Васант Кумар Саварнкар ескерткіш ашылғанмен, шектеу барын - кешен аумағына бір мезгілде 650-ден астам адам кіргізілмейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Тәж-Махал 16 маусымнан бастап қайта ашылды. Кешен аумағындағы адам саны 650-ден аспау керек. Келушілер бетперде киюі керек, қонақтарды бақылау үшін арнайы командалар құрылды", - деді Саварнкар.

Оның айтуынша, билеттерді тек онлайн сатып алуға болады. Бір аккаунттан немесе телефоннан бес билеттен артық алуға болмайды. Тәж-Махалдың мәрмәр тастан жасалған қабырғасын ұстауға тыйым салынады. Келушілерге тек дезинфекциялық ерітіндіге малынған жұмсақ төсеніш - арнайы жолдармен жүруге рұқсат етіледі.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная