Таиландта туристерге он жылға виза беру жоспарланып отыр

Таиланд шетелдік азаматтарға он жыл бойы патшалықта тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін визаның жаңа түрін енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourdom сайтына сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді резиденттік визаның (long-Term Resident (LTR) Visa) иелері салық және басқа да жеңілдіктерді ала алады.

Тілек білдірушілер өтінімді 1 қыркүйектен бастап беруге құқылы. Бағдарлама азаматтардың төрт санаты үшін жарамды болады: кемінде миллион доллар активі бар бай шетелдіктер, жылына 80 мың доллардан тұрақты табыс алатын немесе әсерлі инвестицияларға дайын 50 жастан асқан зейнеткерлер. Сондай-ақ, визаға құжат халықаралық компаниялардың қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерінен және белгілі бір салаларда сұранысқа ие мамандардан қабылданады.

Виза сұрауы қажетті құжаттармен бірге онлайн режимінде беріледі. Сондай-ақ, білікті мамандар өз еліндегі Таиланд елшілігіне жүгіне алады. Құжаттарды қарау орташа есеппен 20 күнді алады. Өтінім мақұлданған жағдайда LTR Visa бес жылға беріледі, оның жарамдылық мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Осылайша, Таиланд билігі ел экономикасына, сондай-ақ ауқатты шетелдіктер мен жоғары білікті мамандарға инвестиция тартуға тырысып жатыр. Келесі бес жыл ішінде шенеуніктер олардың санын миллионға дейін арттыруға ниетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!