Таиландта туристерге кіру ережелері жеңілдетілді

Таиланд билігі вакцина алмаған, бірақ ПТР-тестін тапсырған туристерді карантиннен босатты. Бұл туралы АТОР сайты жазды.

Басылымның мәліметінше, Таиланд билігі 1 мамырдан бастап саяхатшыларға кіру ережелерін жеңілдетті.

Сапардан 72 сағат бұрын ПТР-тестін тапсыратын вакцина алмаған туристер карантиннен босатылады. Егер демалушылар зерттеуден өтпесе, онда бұрынғыдай, келгеннен кейін қонақүйде бес күндік оқшаулануға кетуге міндетті.

Ал 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың Таиландқа кіру ережелеріне келетін болсақ, оларға патшалықта демалу үшін сапардан кемінде 14 күн бұрын препараттың кем дегенде бір дозасымен вакциналау туралы сертификат қажет.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!