Таиландта туристерге қонақүйде бір долларға демалу ұсынылады

Фото: pixabay.com

Таиландтың туризм кеңесі (TCT) туристер үшін жаңа науқан - "бір түн, бір доллар" ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған сәйкес туристер қонақүйде бір күн түнегені үшін бір доллар ғана төлейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Pulse сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың туризм кеңесі (TCT) туристер үшін жаңа науқан - "бір түн, бір доллар" ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған сәйкес туристер қонақүйде бір күн түнегені үшін бір доллар ғана төлейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Pulse сайтына сілтеме жасап.

Жаңа науқан 1 шілдеде туристер үшін ашылуы жоспарланған Пхукет аралына туристерді тартуға бағытталған. Акцияға қатысушы қонақүйлер шетелдік қонақтарға әдеттегі 32-96 доллардың (13 698 - 41 094 теңге) орнына бір түнге 1 доллар (428 теңге) тұратын бөлмелер ұсынады.

Таиландтың туризм кеңесінің президенті Чамнан Срисаваттың айтуынша, аралда 70 000 бөлме болса, миллион түн бір доллардан сатылса, шілдеде шамамен 40 миллиард бат пайда түседі. Нәтижесінде қонақүйлер мен басқа да туризм компанияларына жақсы қолдау болады деп болжады.

Реклама
Реклама

Жоспар Туризм басқармасы мен туризм және спорт министрлігіне ұсынылды. Содан кейін ол маусымда министрлер кабинетінің талқылауына шығарылады.

Сонымен бірге, Срисават егер ұсыныс мақұлданса, онда науқан аясындағы шығындарды Таиланд үкіметі субсидиялайтынын түсіндірді. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная