Таиландта туристерді алдаудың танымал тәсілі әшкере болды

© pixabay.com

Қызмет көрсету саласының мамандары Пхукетте спа-салон қызметін турфирма арқылы брондамау керектігін айтып, олардың құйтұрқы әрекеттерін әшкере қылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызмет көрсету саласының мамандары Пхукетте спа-салон қызметін турфирма арқылы брондамау керектігін айтып, олардың құйтұрқы әрекеттерін әшкере қылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tourprom сайтына сілтеме жасап.

Таиландтың басты курортты қаласында массаж жасату қызметін делдалсыз, тікелей салоннан сатып алу ұсынылады. Себебі турфирма өкілдері саяхатшыларға тай спасын екі есе бағаға сататын болған. Соның салдарынан көптеген салондар өз клиенттерінен жағымсыз пікір алған.

Реклама
Реклама

Репутацияға нұқсаң келіп, көптеген салондар шетелдік туристер ағынынан айырылған. The Thaiger басылымының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі - Phumontra Cafe & Massage (Пхукетте тай және шетелдік туристер арасында танымал спа-салон).

Google сервисінде бұл салон жағымды пікірге ие, бағасы да қолжетімді. Алайда кейбір клиенттер дәл осы салонда қызмет көрсету тым қымбат екенін жазған. Тексере келе мұның турфирма өз комиссиясын қосып отырғаны белгілі болды.

Турфирма туристерден негізгі бағаны жасырып, Желідегі аккаунттарында спа-салондардың фейк прайс-парағын жариялап отырған. Мысалы екі сағаттық массаж 900 бат (11 706 теңге) болуы керек, алайда агенттер оны екі еселеп 1800 батқа (шамамен 23 000 теңге) сатып отырған. Басқа да қызмет көрсету түрлерінің де бағасы екі есе өскен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная