Таиландта туристер сары және қызыл қағазбен жазаланады

© elements.envato.com

Пхукетте шетелдік туристердің құқық бұзушылығын қадағалаудың жаңа ережесін іске қосты. Ол алаңда қызыл және сары қағаз түріндегі ескертуі бар футбол ережесіне ұқсайды. Бұл туралы елдің Пхукет провинциясындағы көші-қон қызметінің генерал-майоры Прапансак Прасансук айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пхукетте шетелдік туристердің құқық бұзушылығын қадағалаудың жаңа ережесін іске қосты. Ол алаңда қызыл және сары қағаз түріндегі ескертуі бар футбол ережесіне ұқсайды. Бұл туралы елдің Пхукет провинциясындағы көші-қон қызметінің генерал-майоры Прапансак Прасансук айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Заң бұзған туристке құқық қорғау қызметкерлері сары қағаз көрсетеді. Бұл туралы азамат қай мемлекеттен болса, Таиландтағы сол елшілікке бірден ескертіледі. Ол адам елде демала береді, дегенмен келесі жолы Таиландқа кіре алмайды.

Реклама
Реклама

Ал егер демалыс кезінде сары қағаз алған турсит тағы да заң бұзса, онда қызыл қағаз алады. Бұл ол адамның елден дереу шығарылатынын білдіреді.

Мұндай заң бұзудың қатарына каскасыз мопед пен мотоцикл айдау, жүргізушілік куәлктің болмауы, ресми рұқсатсыз жергілікті бизнес саласында жұмыс істеу жатады екен.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная