Таиландта турист тарзанкадан секіру кезінде арқан үзілді - видео

Гонконгтік турист банджи-джампинг жаттығуымен айналысқан кезінде арқан үзіліп кетіп, суға құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.

Өзін Майк деп атауды өтінген ер адам Таиландтың Паттайя курортында 10 қабатты тұрғын үй биіктігіндей жерден секірген. Қуанышқа орай төмен жағында су ағып жатқан, сол себепті Қытай тұрғыны аман қалды.

"Кенеттен арқан үзілді, мен сол жағыммен түстім, жарақатым ауыр. Мені біреу ұрып-соққандай әсер алдым", - дейді Майк CNN басылымына берген сұхбатында.

Ер адамның айтуынша, секіруге оны достары көндірген. Суға құлаған кезде Майктың аяғы байлаулы болған.

"Мұндай жағдайда жүзе алмайтын адамдарға қиын болар еді", - деп ескертті ол.

Саябақ әкімшілігі секіру үшін жұмсалған қаражатты қайтарып, Таиландта рентген және ультрадыбыстық тексеруден өту құнын төлеген.

Саябақ қожайыны Нитит Интим осы бір келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

"Мұндай жағдай бірінші рет болды. Арқан үзілгеннен кейін біздің қызметкерлер Майкты баяу судан алып шығып, халін сұрады. Оның денесі көгеріп кеткен еді. Біз оны дереу ауруханаға апардық", - деді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!