Таиландта тағы екі әуежай салынбақ

"Таиланд әуежайлары" (АОТ) өкілдері елде тағы екі жаңа әуежай салу жоспары туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туристас басылымына сілтеме жасап.

"Ланна" деп аталатын жаңа әуежай туристер арасында таныма Чиангмай провинциясына жақын жердегі Лампхун провинциясының солтүстігінде салынады. Ал "Андаман" атты әуежай Пхукеттен алыс емес жердегі Пханга правинциясының оңтүстігінде бой көтереді. Бұл әуежайлар жыл сайын 40 миллион адамға қызмет көрсетпек.

Билік өкілдері жаңа әуежайлардың Таиландтағы әуетасымалына айтарлықтай септігін тигізіп, корольдікке келуші туристерді көбірек тартады деген сенімді.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!