Таиландта тағы бір курорт туристерді қабылдайды

Таиландтың Самуи аралына баратын шетелдік туристер үшін Бангкоктың жабық әуежайында жеке транзит терминал ашылады. Bangkok Post басылымының мәліметінше, бұл туралы 15 наурызда Самуи туристік қауымдастығының президенті Ратчапорн Пулсавади мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

1 қазаннан бастап Самуи аралы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін ашылады деп жоспарланған. Оларға карантиннің қажеті жоқ, тек вакцинация туралы анықтаманы көрсетуі жеткілікті.

Ратчапорн Пулсавадидің айтуынша, Самуи Сураттани аймағындағы вакцина паспортымен кіргізетін алғашқы туристік аймақ болады. Онда вакцина салдырған саяхатшыларды карантинсіз қабылдау үлгісі сыналады. Бұл аралдың өз әуежайы болғандықтан мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар, Самуи аралындағы туристік қауымдастық басшысы айтқандай, шетелдіктер пароммен Панган және Тао аралдарына жете алады. Онда олар да карантиннен өтуді талап етпейді.

Ратчапорн Пулсавадидің айтуынша, Самуи, Тао және Панган аралдары жергілікті халықтың 70 пайызын қамту үшін шамамен 160 000 доза вакцина қажет.

Самуи туристік қауымдастығы Таиландтың Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ COVID-19 ситуациялық басқару орталығының мамандарымен кездеседі. Сол кезде халықаралық саяхатшылар үшін шекараны ашу ережелері талқыланады.