Таиландта медуза аулап, күніне 10 мың бат табуға болады

Фото: pixabay

Таиландтық медуза аулаушыларға биыл ковидке байланысты қиын кезеңге қарамастан, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туып тұр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтық медуза аулаушыларға биыл ковидке байланысты қиын кезеңге қарамастан, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туып тұр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Мамырдың ортасынан қазанның ортасына дейін созылатын жаңбыр кезінде Транг, Сатун, Краби, Панг Нга және Пхукеттегі оңтүстік жағалаудағы балықшылар оңтүстік-батыс муссон көптеген теңіз өнімін және, ең алдымен, медуза әкеледі деп күтеді.

Медуза - қытай нарығында өте танымал, олар дәрі-дәрмектерді өндіру үшін қолданылады. Таиландтықтар медузаны тамақ ретінде пайдаланады, әдетте, олардан қызғылт тұздықта кеспе дайындайды (Yen Ta Fo).

Реклама
Реклама

Пандемияға байланысты медузаны бірнеше шетелдік нарыққа жеткізу тоқтатылды. Бұл таиландтық кәсіпкерлерге қолайлы болып отыр, өйткені медуза бағасы қымбаттады.

Қазір бір медузаның бағасы 8 батқа жетеді, бұл бір ұстаушыға күніне 5-тен 10 мың батқа дейін (68 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін) ақша табуға мүмкіндік береді.

Таиландтық балықшылар жаңбырлы маусымның басталуын асыға күтеді және медуза аулауды ковидтік шектеулер кезінде ақша табудың тамаша мүмкіндігі деп санайды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная