Таиландта мас полицей кездейсоқ адамға екі рет оқ атты

Таиландтың курортты Патонг қаласында 23 ақпанда таңғы 6-да полиция бөлімшесіне Бангла көшесінде жарақат алған жігіт туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер 25 жастағы жігіттің жарақат алуына мас полицей кінәлі екенін анықтаған. 

Дәрігерлер жігіттің өмірі үшін арпалысып жатқан уақытта, полиция қызметкерлері оқ атты деген күдікті Пхукет полициясының капралы Порнтеп Чарннаронды ұстады. Оның мас болғаны соншалық, ол қылмыс болған жерден алыс кетпеген және қалтасынан 9 мм калибрлі тапанша, 9 гильза және екі оқ табылған. 

Сөйтсе, полицейдің мұндай іске баруына түнгі клуб күзетшілерімен жанжал әсер еткен. Олар оның қатты мас болуына байланысты және тапаншамен кіруіне тыйым салынған. Осыдан кейін Пронтеп кері бұрыла сала кездейсоқ кетіп бара жатқан жігітке оқ атқан. Ішінен жарақат алған жігіт көмек шақыра бастаған кезде, полицей тағы да оқ атқан, алайда ол тимеген. Соны көрген мас полицейе жерде жатқан жігіттің жанына барып, тепкілей бастаған. 

Қазіргі уақытта жарақат алған кеспе сатушы жігіт Пхукеттің Вачира ауруханасында ауыр халде жатыр. 

Пхукет полициясының басшысы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында, күдіктіден әзірге сұрау алынбағанын айтты, өйткені ол әліде мас күйде екен.