Таиландта Қазақстанның "жалған азаматы" ұсталды

Фото: Phuket Immigration Checkpoint/novostiphuketa.asia

Пхукеттің иммиграциялық бюросының қызметкерлері Таиландқа Қазақстан азаматының жалған төлқұжаты бойынша кіруге тырысқан әуе жолаушысын қамауға алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Пхукет жаңалықтарына" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пхукеттің иммиграциялық бюросының қызметкерлері Таиландқа Қазақстан азаматының жалған төлқұжаты бойынша кіруге тырысқан әуе жолаушысын қамауға алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Пхукет жаңалықтарына" сілтеме жасап.

Иммиграциялық бюроның мәліметінше, патшалыққа келген шетелдік паспорттық бақылау үстелінде қазақстандық паспортты көрсеткен, алайда тексеруші құжаттың жалған екеніне күдіктенген.

Ведомство паспорттың жалған екенін қалай анықтауға болатынын нақты көрсетпеді, бірақ келген ер адамның шын мәнінде Ауғанстан азаматы екенін атап өтті. Ұсталған адам шетелдік полиция бөліміне жеткізілді.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная