Таиландта қазақстандықтар үшін визалық алымды тоқтату ұсынылды

@Shutterstock

Таиланд елге келген кезде виза алған туристер үшін визалық төлемді уақытша алып тастау туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Шенеуніктердің пікірінше, мұндай шаралар туристер ағынын арттырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд елге келген кезде виза алған туристер үшін визалық төлемді уақытша алып тастау туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Шенеуніктердің пікірінше, мұндай шаралар туристер ағынын арттырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Егер Үкімет бұл ұсынысты қабылдаса, онда визалық алымды төлеу 2022 жылдың соңына дейін тоқтатылады. Осылайша, қазақстандықтар мен басқа 17 елдің азаматтары келген кезде визаны тегін рәсімдей алады.

Қазір 15 күнге келген кезде (VOA) виза үшін алым 2 000 батты (шамамен 25 800 теңгені) құрайды. 1000 бат (шамамен 14 000 теңге) - туристік визаны елшілікте рәсімдейтіндер үшін баға.

Реклама
Реклама

The Pattaya Times Telegram каналының мәліметінше, туроператорлар бұл идеяны қолдайды. Сонымен қатар, олар үкіметке елде болу мерзімін 30-дан 45 күнге дейін және келгеннен кейін виза алатындар үшін 15-тен 45-ке дейін ұзартуды ұсынады. Таиландта пандемияға дейін визалық төлемді алып тастау тәжірибесі қолданылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная