Таиландта ер адам қонақүйдің 8-қабатынан секіріп кеткен

Таиландтың Паттайя қаласында ресейлік турист еңбек демалысы кезінде қонақүйдің 8-қабатынан секіріп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша ол сүйіктісімен жанжалдасып, артынша осындай қадамға барған.

Қонақүй қызметшілері 33 жастағы ер адамның бөлмесінен ұрысып жатқан дауыстарды естіген. Шамамен 17:00-де куәгерлердің айтуынша, ер адам балконнан секіріп кеткен. Осыдан кейін қыз бала оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызды іздестіріп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлері бейнебақылау камераларын тексеріп жатыр.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметінің мамандары туристің тірі екенін анықтаған. Ол ауыр жарақаттар алған. Оны дереу ауруханаға жеткізген, алайда аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қонақүйдің атауы айтылмаған, The Thaiger мәліметінше, ғимарат Пратамнак Сой 5-те орналасқан.

Паттайяда бұл бірінші жағдай емес. Тамызда 41 жастағы аустралиялық осылайша жан тапсырған. 82 жастағы немістің де өмірі осылай қиылған. Жылдың басында 72 жастағы шетелдік турист күмәнді жағдайда қайтыс болған.