Таиландта балалардың ұрланғаны туралы оқиға қазақстандықтарды қорқытты

Фото:depositphotos.com

Желіде Таиландта бала ұрланғаны туралы тағы бір қорқынышты оқиға пайда болды. TikTok әлеуметтік желісінде авторы бір жасар қызын ұрлап кеткені туралы жазба жариялаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Таиландта бала ұрланғаны туралы тағы бір қорқынышты оқиға пайда болды. TikTok әлеуметтік желісінде авторы бір жасар қызын ұрлап кеткені туралы жазба жариялаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

TikTok желісінде төрт күн бұрын бір жасар сәбидің ақ-қара суреті бар жазба пайда болды. Осы уақыт ішінде ол 12 мыңнан аса лүпіл пен жүздеген пікір жинаған. Жазба авторы бұл оның 2022 жылдан бері іздеген қызы екенін, бірақ нәтиже жоқ екенін айтады.

"Қонақүйге қызымды ұйықтатып тастап кеткен болатынбыз, 5 минутқа сыртқа шығып келейік деп. Күйеуім екеуміз келсек, ұйықтап жатқан жерінде жоқ. Полицейлерге барған едік, көмектесе алмаймыз деді", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Скриншот/tiktok.com

Жазбаға пікір қалдырған көптеген қолданушы нәрестенің анасына жанашырлық танытып, қолдау көрсеткен. Бірақ оқиғаның растығына күмән келтіргендер де болды.

Tengritravel.kz тілшісі жазба авторымен байланысуға тырысты. Алайда ол хабарламаны оқып, жауапсыз қалдырды. Кейінірек оқиға туралы жазған екі жазбаны да өшіріп тастады.

Кейбір қолданушылардың күмәні негізді екенін атап өтейік. Өйткені, таяуда ғана әлеуметтік желілерде Таиландта қазақстандық балалардың жаппай жоғалып кеткені туралы хабарламалар тарап кеткен болатын. Бұдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров балалар ұрлығы туралы хабардың жалған екенін айтқан болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная