Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиландта әйгілі жолбарыс хайуанаттар бағы жабылды


Таиландтағы Sriracha Tiger Zoo хайуанаттар бағы коронавирус пандемиясына байланысты жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Sriracha Tiger Zoo хайуанаттар бағының Facebook желісіндегі парақшасында осы жылдың мамырында толық жабылатыны туралы ақпарат жарияланды.

Жолбарыс хайуанаттар бағы Чонбури аймағында (Паттайядан солтүстікке қарай 30 шақырым) орналасқан және 24 жыл бері жұмыс істеп келе жатқан.

Хайуанаттар бағының басшылығы мекемені жабуды талқылау және қызметкерлермен түпкілікті есеп айырысу мәселелерін шешу мақсатында кездесуді жоспарлап отыр. Жолбарыс хайуанаттар бағын басқаратын Васан Темирипонгтың айтуынша, коронавирустың кесірінен елде қолданылатын шектеу шаралары жабылуға әсер еткен. Хайуанаттар бағына соңғы жылы айтарлықтай қаражат жетпеген және жергілікті саяхатшылардың арқасында жұмысын жалғастыруға тырысқан.

Хайуанаттар бағының басшылығы үй жануарларымен не болатынын әлі хабарлаған жоқ.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды