Таиландта автобус өртенді: 3 ересек пен 2 бала қайтыс болды

Қайғылы жағдай 13 сәуірде сағат 00:30-да Хонкен қаласының маңындағы қалааралық тасжолда болған, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы tourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Екі қабаттан тұратын жолаушылар автобусы жолда жанып кетті. Салдарынан бес жолаушы қаза тапты, олардың екеуі - балалар. Тағы он екі адам ауыр жарақат алып, қатты күйік шалған. Қалған он алты саяхатшы автобустан шығып үлгерген, зардап шеккен жоқ. Жүргізуші жарақат алып қалған.

Аман қалған саяхатшылар полицияға Паттана компаниясының көлігінде тек отыз үш жолаушы болғанын айтты. Автобус Бангкокқа бара жатқан. Кхонкэнге тоқтағаннан кейін әрі қарай жүрген. Нонг Кхам кентінің маңында көліктің доңғалағы жарылды және артқы доңғалағы жанып кетті. Жалын қозғалтқыш бөлігіне, содан кейін бүкіл автобусқа таралды.

Өрт сөндірушілер өртті шамамен бір сағатқа сөндірді. Автобус түгелдей жанып кетті.