Таиландқа кіру үшін туристер қай вакцинаны салдыруы керек?

Таиланд вакцина салдырған шетелдік туристер үшін карантин шектеулерін жеңілдетті. Алайда ел үкіметі екпенің тек 7 түрін мақұлдаған, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Tourweek басылымына сілтеме жасап.

Таиландқа келген туристер 10 күн карантинде болуы керек (ереже 1 сәуірден бастап күшіне енді). Африканың кейбір елі үшін 14 күндік карантин қалады.

Карантин шараларын жеңілдетудің 4 кезеңдік бағдарламасы бойынша "жеңілдетілген" оқшаулау режимі тек ДДҰ және Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналарды салдырған туристер үшін жарамды.

Мына вакциналар:

  • Sinovak
  • AstraZeneca/Oxford
  • SK BIOSCIENCE (AstraZeneca/Oxford)
  • Pfizer/ BioNTech
  • Covishield (Serum Institute of India)
  • Janssen (Johnson & Johnson)
  • Moderna

Таиланд 2022 жылға қарай туристер үшін карантинді алып тастайды

Еске салайық, 1-кезеңде (1 сәуірден бастап) Пхукет, Краби, Панг Нга, Чиангмай және Паттайядағы демалысқа барар алдында турист ASQ қонақүйінде 7 күн оқшаулануы міндет.

2-ші кезеңде (1 шілдеден бастап) Пхукетке баратын және Денсаулық министрлігі мақұлдаған вакцинаны қабылдаған туристер карантиннен толығымен босатылады.