Таиланд үкіметі бай туристер үшін арнайы визаны ұзартады

Таиландтың туристік секторы және оның экономикасы бай шетелдік туристерге үлкен үміт артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Патшалықтың министрлер кабинеті шетелдік қонақтар үшін арнайы туристік визаны (STV) тағы бір жылға ресми түрде ұзартты. Құжаттың ерекшелігі – бұл курортта ұзақ уақыт тұра алатын және демалуға көп ақша жұмсай алатын, сонымен бірге тай туризмінің дамуына үлес қосатын төлем қабілеті жоғары демалушыларға арналған.

Таиландтың туризм басқармасының мәліметінше, өткен жылдың қазанында енгізілген бұл жоспар енді кем дегенде 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін күшінде болады.

Thaiger басылымы арнайы туристік виза элиталық саяхатшыларға 3 айдан 9 айға дейін тұруға мүмкіндік беретінін жазды. Бұл патшалық билігіне туризмнен түсетін кірісті экономикаға бағыттауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!