Таиланд билігі мен CJVID-19 жағдайын басқару орталығының Test & Go деп аталатын туристерге кіру жүйесінен бас тарту туралы шешімінен кейін Таиландтың азаматтық авиация басқармасы барлық әуекомпанияда саяхатшыларға 1 мамырдан бастап қолданылатын жаңа кіру шараларын таныстыруды тапсырды. Туристер келген кезде ПТР-тестілеуден өтудің немесе SHA+ қонақүйіне тапсырыс берудің қажеті жоқ. Бірақ кейбір шектеу сақталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.
Таиландтық БАҚ жаңа шаралар тізімін жариялады. Айта кетейік, олардың бір бөлігін сақтау үшін жауапкершілік тасымалдаушыларға жүктелді.
Thai Pass QR-коды жоқ жолаушыларға әуекомпаниялар отырғызудан бас тартуы мүмкін.
Әуекомпаниялар жолаушыларда сапар алдында Thai Pass QR-кодының болуын тексеру үшін жауапты болады. Жолаушыға QR-кодсыз отырғызуға және ұшуға рұқсат берілген жағдайда, әуекомпания оның шыққан еліне қайтып оралуы үшін жауапты.
Әуежайлар және онымен байланысты агенттіктер аурудың алдын алу бойынша мемлекеттік шараларды, соның ішінде бетперде киюді және температура тексеруді қатаң сақтауы керек.
"Әуекомпаниялар жолаушылардың құжаттарын жаңа шараларға сәйкес мұқият тексеріп, барлық жолаушыға Таиландқа еркін кіре алатындай етіп келу құжаттарын дайындауға кеңес беруі керек", - деп толықтырды құжат авторлары.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!