Таиланд туристерге арналған коронавирус сынағын алып тастады

Таиланд билігі мен CJVID-19 жағдайын басқару орталығының Test & Go деп аталатын туристерге кіру жүйесінен бас тарту туралы шешімінен кейін Таиландтың азаматтық авиация басқармасы барлық әуекомпанияда саяхатшыларға 1 мамырдан бастап қолданылатын жаңа кіру шараларын таныстыруды тапсырды. Туристер келген кезде ПТР-тестілеуден өтудің немесе SHA+ қонақүйіне тапсырыс берудің қажеті жоқ. Бірақ кейбір шектеу сақталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Таиландтық БАҚ жаңа шаралар тізімін жариялады. Айта кетейік, олардың бір бөлігін сақтау үшін жауапкершілік тасымалдаушыларға жүктелді.

  • Вакцина алған жолаушылар Таиландқа келген кезде ПТР-тестінсіз кіре алады. Алайда, егер оларда аурудың белгілері байқалса, антиген тестімен өзін-өзі тексеруден өтуге кеңес беріледі.
  • Вакцина алмаған жолаушылар ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуі керек. Тест ұшуға дейін 72 сағат ішінде тапсырылуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, туристер балама карантиндік мекемеде қалып, 4-ші немесе 5-ші күні ПТР-сынақтарынан өтуі керек.
  • Тест нәтижесі оң болған жағдайда емдеу шығындарын өтеуді талап ету үшін барлық келушінің кемінде 10 000 доллар мөлшеріндегі COVID-19-дан сақтандыру туралы куәлігі болуы керек.
  • Барлық жолаушы әлі күнге дейін Thai Pass вакцина куәлігінің көшірмесін немесе ұшуға дейін 72 сағаттан аз уақыт бұрын жасалған ПТР-теріс нәтижесін қолдана отырып, өтініш беруі керек. Өтініш мақұлданған кезде саяхатшылар тіркеуді әуекомпания қызметкерлеріне көрсетуі керек. Олар QR кодын алады.

Thai Pass QR-коды жоқ жолаушыларға әуекомпаниялар отырғызудан бас тартуы мүмкін.

Әуекомпаниялар жолаушыларда сапар алдында Thai Pass QR-кодының болуын тексеру үшін жауапты болады. Жолаушыға QR-кодсыз отырғызуға және ұшуға рұқсат берілген жағдайда, әуекомпания оның шыққан еліне қайтып оралуы үшін жауапты.

Әуежайлар және онымен байланысты агенттіктер аурудың алдын алу бойынша мемлекеттік шараларды, соның ішінде бетперде киюді және температура тексеруді қатаң сақтауы керек.

"Әуекомпаниялар жолаушылардың құжаттарын жаңа шараларға сәйкес мұқият тексеріп, барлық жолаушыға Таиландқа еркін кіре алатындай етіп келу құжаттарын дайындауға кеңес беруі керек", - деп толықтырды құжат авторлары.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!