Таиланд туристерден "кіру салығын" өндіріп алуды жоспарлап отыр

Пхангнга, Таиланд. Фото ©Shutterstock

Пандемия әлі аяқталған жоқ, ал Таиланд қазірдің өзінде шетелдік туристерден 300 бат (9 доллар) көлемінде "кіру салығын" өндіріп алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пандемия әлі аяқталған жоқ, ал Таиланд қазірдің өзінде шетелдік туристерден 300 бат (9 доллар) көлемінде "кіру салығын" өндіріп алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, туризмге тәуелді ел туристік индустрияны қалпына келтіру үшін туристердің арқасында ақша табуды көздейді.

"Төлем жергілікті туристік көрікті жерлерді дамытуға және келушілерді сақтандыру бағдарламасын қаржыландыруға көмектеседі", - деді сәрсенбіде Үкіметтің ресми өкілі Танакорн Вангбунконгчана.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, төлем сәуірден бастап әуе билеттерінің бағасына қосылады, ал жерүсті көлігімен кіру кезінде өтеу әдісі әлі анықталған жоқ.

"Кіру жарнасының жоспары пандемиядан кейін Таиландтың туристік секторының алдын ала "қалпына келтіру курсына" енгізілді. Сонымен бірге кіру жарнасын енгізу фактісі пандемияға дейін талқыланды және оны енгізу COVID-ке байланысты кейінге қалдырылды", - деді Таиланд Туризм кеңесінің вице-президенті Сутипонг Фуэнфипхоп.

Ол бұл төлем көптеген басқа елдегі туристік төлемдерге ұқсас және бұл бастаманың пайдасы номиналды жинаумен салыстырғанда үлкен болатынын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная