Таиланд туристер үшін карантинді алып тастайды

Таиланд билігі шетелдік туристер үшін карантинді алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдегі Туризм басқармасының (Tourism Authority of Thailand - TAT) туроператорлармен кездесуінен кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде шетелдік туристер үшін Таиландқа келу шарттарын жеңілдету талқыланып, жаңа ережелердің қашан енгізілуі мүмкін екені анықталды. Келушілер үшін міндетті карантин шілдеде қысқартылып, қазанда толығымен жойылады деп шешілді.

Қазір Таиландқа келген туристер ALQ (Alternative Local Quarantine немесе жергілікті карантин) қонақүйлерінің бірінде өз есебінен 15 күндік міндетті карантинде болуы керек.

"2021 жылдың шілдесінен бастап міндетті карантин мерзімін 7-10 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Олардың ішінде қонақүй бөлмесінде турист тек 3-5 күн болуы керек, содан кейін ол қонақүйдің барлық инфрақұрылымын пайдалана алады. Ал ТАТ-пен кездесуде айтылған жоспарларға сәйкес, Таиландта 1 қазаннан бастап шетелдік туристер үшін карантинді толығымен алып тастау жоспарланды", - деді кездесуге қатысушылардың бірі, туроператор басшысы Андрей Снетков.

© Shutterstock

2021 жылдың 1 қазанынан бастап Таиландқа кіру үшін туриске вакцинация төлқұжатын ұсыну керек немесе ПТР әдісімен екі-үш сынақтан өту керек (ұшуға дейін, елге кіру кезінде және тағы бақылау тесті).

"Жаңашылдықтар қалай енгізіліп, қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Барлық мәселе талқыланып жатыр", - деді Снетков.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.