Таиланд туристер үшін карантин мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр

Таиланд билігі карантин мерзімін қысқартуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Travel Off Path басылымына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта осы елге баратын туристер міндетті 14 күндік карантиннен өтуі тиіс. 

Таиланд премьер-министрінің орынбасары және денсаулық сақтау министрі Агутин Чарнвиракул COVID-19 жағдайын басқару орталығына міндетті карантинді 14 күннен 10 күнге дейін қысқарту жоспарын ұсынады деп күтіледі. Мұндай күндер саны туристер карантиннің оныншы күнінен бұрын коронавирус сынағының оң нәтижелерін алатыны белгілі болғаннан кейін таңдалды.

Қазақстандықтарға әуебилетін бөліп төлеу арқылы алуға мүмкіндік туды 

Дәрігерлер карантин мерзімін қысқартуға қарсы екендерін айтқан. COVID-19 жағдайын басқару орталығы келесі аптада нақты шешім ұсынады.

Осыған дейін қазақстандықтарға Таиландқа кіру үшін жаңа туристік виза алу ұсынылды. Визаның мерзімі - 30 күн, ол тек бір реттік кіруге арналған, визаның басқа түрлеріне ауыстырылмайды. Сонымен қатар, оны елге келгеннен кейін 60 күнге дейін ұзартуға болады. Таиланд Корольдігі елшілігінің сайтында туристік виза алу жөніндегі нұсқаулықпен мына жерден танысуға болады.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.