Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиланд туристер үшін қаңтарда ашылады


Таиландтың барлық провинциясы шетелдік туристер үшін 2022 жылдың қаңтарында ашылады. Оларға карантин де, басқа шектеулер де қолданылмайды. Бұл туралы 6 қыркүйекте Таиландтың туризм және спорт министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

"Біз кейбір провинцияда ішкі туризмді 1 қарашада, ал халықаралық туризмді қаңтарда бастаймыз деген үміттеміз. Сонымен бірге, біз көптеген шектеуді, мысалы, елге келген туристер сақтауға мәжбүр болған карантинді алып тастауға дайынбыз", - деді туризм министрі Пхипат Ратчакитпракарн.

Бангкокқа келетін болсақ, ол қарашада шетелдік саяхатшылар үшін де ашық болады. Алайда, "Пхукеттің құмсалғыш" бағдарламасы аясында туристер мегаполиске келесі айда келе алады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, провинцияларды ашудың басты шарты - жергілікті тұрғындарды вакциналау. Ол неғұрлым тез жүрсе, қалалар соғұрлым тезірек шетелдік туристерді қабылдай алады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды