Таиланд табиғи көрікті туристік бағыттар құруды жоспарлап отыр

Таиландтың Көлік министрлігіне қарасты ауылдық жолдар департаменті елдің оңтүстігінде, орталығында және солтүстік-шығысында үш әдемі туристік бағыт ойластырып жатыр", - деп хабарлайды TTG Asia.

Олар Сиам шығанағының батыс жағалауындағы елді мекендерді байланыстырады. Біріншісі - Самутпракан провинциясынан Наративат провинциясына дейін. Екіншісі - Меконг өзеніндегі Нага Вити бағыты және Лоя мен Убонратчатхани провинциялары. Үшіншісі - Нахоннайок, Нахонратчасима, Прачинбури және Са Каео провинцияларынан өтетін Бурапха Кхири бағыты.

Билік онда саяхатты қауіпсіз және жайлы етуге уәде беріп отыр. "Жолдар жөнделіп, қажет болған жағдайда жаңадан төселеді", - деді ауыл жолдары департаментінің басшысы Патом Чалойварет.

Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады, ал 2026 жылы аяқталады деп болжанған.