Таиланд шетелдіктерге туристік жарна енгізеді

Таиланд үкіметі елге келген саяхатшылардан алынатын туристік алым туралы қайлыны қабылдады. Бұл туралы елдің туризм және спорт министрі Пхипхат Ратчакитпракан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Кхао Сот" басылымына сілтеме жасап.

"Таиландқа теңіз немесе құрлық шекаралары арқылы келген саяхатшылардан 150 бат (шамамен 2 мың теңге) және әуе жолымен келгендерден 300 бат (шамамен 4 мың теңге) сомасында туристік алым алу туралы қаулыны бекіту туралы шешім қабылданды", - деді министр.

Туризм министрінің айтуынша, алым мерзімі 2023 жылдың 1 маусымынан басталады және Таиландта бір күн ғана болатын саяхатшылардан жарна алынбайды.

Туристерге салынатын салықты курорттық салық деп те атайды. Оның басты мақсаты - инфрақұрылымды қолдау, курорттық аймақтардың экологиясын жақсарту, қонақүйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсау және тағы басқа туризм саласының қажеттіліктеріне қаражат жиналады.

Осыған дейін біз қазақстандық кәсіпкерлер елімізде енгізіліп жатқан туристер үшін салыққа наразы болғандарын айтқанбыз. Толығырақ төмендегі сілтемелер арқылы білуге болады.

Бизнес шетелдік туриске салынатын жарнамен келіспейді

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу ережелері бекітілді

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна қанша болатыны айтылды

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!