Таиланд қазақстандық туристер үшін жаңа виза енгізді Таиландқа кіру үшін қазақстандықтарға жаңа туристік виза алу ұсынылды. Оны COVID-19 таралуы төмен елдердің тұрғындары ала алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz сайты Нұр-Сұлтандағы Таиланд Корольдігінің Елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елшілік көрсеткендей, елдер тізімі әр айдың 15-30 күндері жаңартылып тұрады. Визаның мерзімі - 30 күн, тек бір рет барып-келуге арналған, оны басқа визалар түрлеріне ауыстыруға болмайды. Сонымен қатар, оны елге келген соң, 60 күнге дейін ұзартуға болады.
Сондай-ақ, туристерге тағы бір құжат - Кіру туралы куәлік (Certificate of Entry - СЕ) алу қажеттігі атап өтілген, оған өтінішті Тайланд Корольдігінің Нұр-Сұлтандағы елшілігіне беруге болады.
Туристік виза алу жөніндегі нұсқаулықты Тайланд Корольдігі елшілігінің сайтынан мына жерден оқи аласыз. Қазіргі уақытта Тайландқа келесі топтарға ғана кіруге рұқсат етілген:
Thai Elite Card иелері.
Иммиграциялық емес ұзақ мерзімді O-A визасының иелері. Визаның бұл түрі Тайландта жұмыс істеу үшін емес,, ең көбі 1 жыл қалғысы келетін 50 және одан үлкен жастағы өтініш берушілерге берілуі мүмкін.
B санаттағы иммиграциялық емес бизнес сапарларға арналған визалардың иелері.
STV Арнайы туристік виза (Special tourist visa) иелері.
Туристік виза иелері.
Сонымен қатар, Таиландқа келген алғашқы 14 күн туристерге рұқсат етілген тізімдегі қонақүйлердің бірінде карантиннен өтуі керек. Таиландқа Қазақстаннан тікелей рейстер жоқ , бірақ Дубай арқылы жетуге болатындығын атап өткіміз келеді.