Таиланд қатаң сақтап келген құпиясы - жезөкшелікті заңдастырмақ

© pixabay.com

Таиландтық БАҚ елде жезөкшелік заңдастырылмақ екені хабарлады. Баспасөз өкілдерінің ақпараты бойынша, дәл осы жезөкшелік елдің ең қорқынышты құпиясы болып келді. Енді 20 жастан асқандарға жезөкшелікке рұқсат етілуі мүмкін, ал бұған тыйым салған 1996 жылғы заң қайта қарастырылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтық БАҚ елде жезөкшелік заңдастырылмақ екені хабарлады. Баспасөз өкілдерінің ақпараты бойынша, дәл осы жезөкшелік елдің ең қорқынышты құпиясы болып келді. Енді 20 жастан асқандарға жезөкшелікке рұқсат етілуі мүмкін, ал бұған тыйым салған 1996 жылғы заң қайта қарастырылады.

Таиландтық қауіпсіздік министрлігі жаңа заңды жасайтын комиссияны басқарады. Бұл заң елдің өте қатаң құпиясы есептеліп келген жезөкшелікке қатысты көзқарасты өзгертуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Жаңа заң бойынша 20 жасқа толмағандар мен мигрант жұмысшыларға жезөкшелікпен айналысуға тыйым салынады. Фрилансерлерге де рұқсат беріледі, алайда олар секс-қызметкер есептелмейді екен.

Заң бойынша жезөкшелікпен ерікті түрде ғана айналысады. Ал адам ұрлау, оларды еркінен тыс ұтсап, жезөкшелікке мәжбүрлеу заңмен қудаланатын болады. Онымен қоса барлық жезөкшелер алдымен медициналық тексерістен өтуі қажет.

Жаңа заң биыл тамызда қарауға ұсынылады. Осылайша, Таиланд билігі елдегі өзге қылмыс - парақорлықпен күресіп, жезөкшелік үшін төлемді заңдастырмақ.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная