Таиланд билігі туристерді бақылаудың жолын тапты

© Shutterstock

Таиландқа ұзақ мерзімді виза бағдарламасы бойынша келген шетелдік туристер электрон браслет тағуға міндеттеледі, оның көмегімен билік олардың орналасқан жерін қадағалап, денсаулығы туралы мәлімет алады, - деп хабарлайды TourDom.ru порталы тай компаниясына және жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландқа ұзақ мерзімді виза бағдарламасы бойынша келген шетелдік туристер электрон браслет тағуға міндеттеледі, оның көмегімен билік олардың орналасқан жерін қадағалап, денсаулығы туралы мәлімет алады, - деп хабарлайды TourDom.ru порталы тай компаниясына және жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Браслет қан қысымын, импульсті және дене қызуын өлшейді. Егер ол 37,5 градустан асса, құрылғы дереу тай дәрігерлеріне хабарлайды. Сондай-ақ, браслет турист үшін көмекші болады - ол адасып қалған жағдайда дұрыс бағытты көрсетеді және карантиннен өтуге байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Реклама
Реклама

БАҚ-тың хабарлауынша, жобаны Тайландтың цифрлық экономика және қоғам министрлігі бірқатар стартаптармен бірлесіп жүзеге асырып жатыр екен. Туристерге арналған браслеттерді енгізу туралы алғаш рет қыркүйекте, ұзақ мерзімді визаға үміткерлерге қойылатын талаптар белгілі болған кезде пайда болды.

Бұл құжатты рәсімдеудің жалпы құны - шамамен 400 доллар. Сіз елге кем дегенде 90 күн бойы кіре аласыз, оның алғашқы екі аптасын карантинде өткізесіз. Коронавирустың таралуы тұрғысынан "қауіпсіз" мемлекеттердің азаматтары ғана өтініш бере алады. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная