Таиланд билігі Пхукетке кірудің жаңа ережелерін түсіндірді

Фото: рixabay.com

Таиланд билігі туристерге Пхукет аралына карантинсіз бару үшін қандай құжаттар керегін айтты. Таиландтың туристік басқармасы 30 наурызда курортқа кіру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд билігі туристерге Пхукет аралына карантинсіз бару үшін қандай құжаттар керегін айтты. Таиландтың туристік басқармасы 30 наурызда курортқа кіру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Регламентке сәйкес, егер шетелдік азаматтар бекітілген құжаттар пакетін ұсынса, карантиннен босатылады. Атап айтқанда, ДДҰ мақұлдаған препараттармен коронавирусқа қарсы вакцинацияның барлық кезеңінен өту туралы сертификатты ұсынуы керек болады. Бұдан басқа, құжаттар тізімінде рейске тіркелуден кемінде 72 сағат бұрын алынған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы, виза, егер 2 ай және одан көп уақыт қалу жоспарланса, кіру туралы сертификат, сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқасты емдеуді жабатын медициналық сақтандыру полисі бар.

Пхукет әуежайына келгеннен кейін жолаушылар қайта ПТР-тест тапсыру керек. Сондай-ақ смартфонға арнайы қосымшаны жүктеу қажет. Оның көмегімен ел билігі туристердің қозғалысын бақылай алады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная