Таиланд билігі жақында вакцина салдырған туристерге шекараны ашады

Фото: pixabay.com

Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін карантиннен өтпестен шекараны тез арада ашу жоспары туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол халыққа теледидар арқылы үндеу кезінде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін карантиннен өтпестен шекараны тез арада ашу жоспары туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол халыққа теледидар арқылы үндеу кезінде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Премьер-министрдің айтуынша, патшалық коронавирусқа қарсы екпе салдырған туристерге елге 120 күн ішінде еркін кіруге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Ол үшін жергілікті тұрғындарды вакциналауды жандандыру қажет.

Таиланд алты вакцинаны жеткізушілермен — Pfizer, Johnson & Johnson, Moderna, AstraZeneca, Sinovac және Sinopharm-мен келісімшарт жасады. Үкімет қазан айына дейін 50 миллионға жуық адамға вакцинаның бірінші компоненті салынуы керек деп санайды. Бұл үшін препараттың 105,5 миллион дозасы сақталған.

Реклама
Реклама

Премьер Пхукеттің 1 шілдеден бастап толықтай егілген шетелдік саяхатшылар үшін ашылуы бүкіл ел бойынша туристерді қабылдауға дайындалуға көмектеседі деп сенеді.

"Біз бұл вируспен өмір сүруді үйренуіміз керек, өйткені ол тез жойылмайды. Бәрінің толық вакцина салдырғанын күте алмаймыз", - деп қорытындылады Прают Чан-Оча.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная