Таиланд билігі Бангкоктағы локдаунды ұзартты

Фото: pixabay.com

Таиландтағы коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және күрес жөніндегі мемлекеттік орталық Бангкокта және COVID-19 инфекциясы мен өлім ең көп тіркелген елдің 28 провинциясында қатаң шектеу шараларын 31 тамызға дейін ұзартты. Бұл туралы ел үкіметінің қоғамдық байланыстар департаментінің сайтында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтағы коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және күрес жөніндегі мемлекеттік орталық Бангкокта және COVID-19 инфекциясы мен өлім ең көп тіркелген елдің 28 провинциясында қатаң шектеу шараларын 31 тамызға дейін ұзартты. Бұл туралы ел үкіметінің қоғамдық байланыстар департаментінің сайтында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бангкок пен коронавирус инфекциясының "қою қызыл" аймақтарынында шілденің ортасынан бастап енгізілген 21.00-ден 04.00-ге дейінгі коменданттық сағат, қалалық қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдауға 50 пайыздық шектеулер, стадиондарды, саябақтарды, фитнес-орталықтарды, массаж салондарын, сұлулық салондарын, шаштараздарды және басқа да қызмет көрсету мекемелерін жабу және тамақтандыру кәсіпорындарының жұмысын шектеу сақталады.

Тек қаржы саласындағы кәсіпорындар үшін жеңілдік жасалды: сейсенбіден бастап сауда орталықтарында тек супермаркеттер, дәріханалар мен кейбір мейрамхана ашылып, жеткізу арқылы жұмыс істейді, банктер мен қаржы компанияларының бөлімшелері қайта ашылады, делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

COVID-19 таралуының жағдайы және локдаун шарттары келесі жолы тамыздың соңында - қатаң шектеу шараларын ұзарту немесе жеңілдету туралы шешім қабылданған кезде талқыланады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная