Таиланд Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі үкіметке 66 елдің туристеріне визасыз режимді жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ, міндетті карантинге байланысты визаны 30-дан 45 күнге дейін ұзарту мәселесі айтылды, - деп хабарлайды Bangkok Post.
Айта кетейік, Қазақстан бұл елдердің тізіміне енбейді. Таиланд Сыртқы істер министрлігі баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы Тхани Санграт бұл пандемия мен соған байланысты шектеулерден зардап шеккен туризмді қалпына келтіру үшін жасалып отырғанын айтты.
Тізімде 30 күнге визасыз жүруге рұқсат етілген 56 мемлекет, Таиландпен 30 күн ішінде өзара визасыз жүру туралы келісім жасалған алты ел және 90 күн ішінде визасыз жүруге болатын төрт мемлекет бар.
Тізімдегі барлық ел үшін виза мерзімі 30-дан 45 күнге дейін ұзартылды. Елде карантинге байланысты 30 желтоқсанға дейін визасыз режим тоқтатылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!