Таиланд 2022 жылға қарай туристер үшін карантинді алып тастайды

Фото: Рixabay.com

Таиланд билігі шетелдік туристердің кіруіне шектеулерді алып тастау үшін жол картасын әзірледі, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд билігі шетелдік туристердің кіруіне шектеулерді алып тастау үшін жол картасын әзірледі, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Елдің ұлттық хабар тарату қызметінің мәліметінше, Пхукет, Краби, Паттайя, Панг Нга және Чианг Маи провинцияларына 2021 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін барған кезде шетелдік саяхатшылар үшін карантинді алып тастау туралы шешім шығарылған. 

Мұндай жеңілдік вакцина салдырған туристерге қарастырылған. Алайда, Таиландқа келгеннен кейін олар ПТР-тестін тапсырып, жеті күн ішінде орналасқан жерінен шықпауы керек. Осыдан кейін ел бойынша саяхатты жалғастыруға болады.

Реклама
Реклама

Вакцинация туралы сертификаттан басқа, турист смартфонға арнайы қосымшаны жүктеуі керек. Ол арқылы шетелдіктердің қозғалысын бақылауға болады. Осылайша ел билігі 2022 жылдың қаңтарында карантин шектеулерін толық алып тастауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Таиланд билігі туристерге Пхукет аралына карантинсіз бару үшін қандай құжаттар керегін айтқан.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная