Тағы бір елде коменданттық сағат енгізілді

Ливан үкіметі коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізді, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, бүгіннен бастап елде коменданттық сағат тәртібі күшіне енді. Кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін тұрғындарға үйінен шығуға болмайды.

Сондай-ақ үкімет тойханаларды жауып, 6 адамнан артық жиналатын шараларды өткізуге тыйым салды. Ал осыған дейін билік 69 қала мен елді мекенді оқшаулаған болатын. Бұл мекендерде төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, спорт жарыстары өтпейтін болды. Оған қоса, дәмханалар, мешіттер мен шіркеулер жабылды.

Еске салайық, мұның алдында Чехияда да коменданттық сағат енгізілгені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!