Сіз бар деп ойламаған бес таңғажайып ел

© pixabay.com/David_Peterson

Экзотикалық жерлер туралы таңдау жасағанда бұрыннан бәріне танымал орындар топталады. Бірақ біз сіз бұрын-соңды естімеген бес елді ұсынамыз, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экзотикалық жерлер туралы таңдау жасағанда бұрыннан бәріне танымал орындар топталады. Бірақ біз сіз бұрын-соңды естімеген бес елді ұсынамыз, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тувалу

Тувалу Тынық мұхитының оңтүстігіндегі тоғыз кішкентай аралда - Австралия мен Гавай арасында орналасқан. Жергілікті тұрғындар мұнда, әдетте, шағын ауылдарда тұрады. Олардың негізгі кәсіптері - көгалдандыру, балық аулау және каноэ жасау.

Реклама
Реклама

Туристер бұл жерге аквалангпен жүзуге тартылады. Мұнда тасбақалар және тропикалық балықтармен бірге жүзуге болады. Сондай-ақ, аралда Фунафути қорығы бар, оның ерекшелігі - ол теңіз.

Кирабати

Кирабати - Тынық мұхитындағы тағы бір арал мемлекеті. Ол әлемдегі ең үлкен маржан атоллында және бір уақытта төрт жарты шарда орналасқан. Басқа елдермен уақыт айырмашылығы мұнда 25 сағатқа жетуі мүмкін. Туристер мұнда сүңгу, балық аулау және таза жағажайларға шомылу үшін келеді.

Сент-Китс және Невис

Бұл ел Кариб теңізіндегі екі аттас аралдан тұрады. Бұл аумақты ұлыбританиялықтар 1983 жылға дейін отарлады және бүгінде бүкіл әлем саяхатшыларына арналған курортқа айналды. Мұнда Бримстоун Хилл бекініс паркі орналасқан, одан кейде Кариб теңізі аралдарын көруге болады. Аралда Лиамуига тауында орналасқан ұйықтап жатқан жанартау және жол бойы әсем пейзажға көмкерілген теміржол бар.

Бұл мемлекет азаматтық жағдайларына байланысты да танымал. Сент-Китс және Невистің төлқұжаты Антарктида мен Австралиядан басқа кез келген елге баруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мемлекетте табыс салығы мен әлемдік табыс салығы жоқ.

Гренада

Гренада - әлемнің батыс бөлігіндегі ең кішкентай тәуелсіз елдердің бірі. Бұл мемлекет Кариб аралдарының бірінде орналасқан, оны әдетте "дәмдеуіштер аралы" деп атайды. Бұл атау экватордан 1000 метр биіктікте орналасқан ең үлкен мускат жаңғағы плантациясымен байланысты.

Ел өзінің туристік соқпақтарымен қызықты, оның ішінде сіз әдемі сарқырамаларды (мысалы, Жеті апалы-сіңлілі сарқырама), сондай-ақ көркем жағажайларды көре аласыз. Гренадалықтар халықаралық какао компаниясының "нәзік дәм" сыйлығымен марапатталған дәмді шоколад жасайды.

Джибути

Джибути - Африка мүйізінде орналасқан кішкентай ел. Мұнда экстремал әуесқойлар келеді: сноркелинг және кит акулаларымен сүңгу өте танымал.

Джибути аумағында бірнеше қызықты көл бар. Олардың бірі - теңізден 10 есе тұзды Ассал көлі. Тағы біреуі - 50 метр биіктікке көтерілген әктас "мұржалары" бар Аббе көлі. Бұл - су қоймасы жер бетіндегі жетуі қиын орындардың бірі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная