Титаник суға батқанына 100 жыл өтсе де оған қызығушылар жетерлік. Сіз өз көзіңізбен су түбіндегі тот басқан әйгілі кемені көре аласыз, алайда мұндай "бақыт" 250 мың еуро тұрады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Америкалық OceanGate комапниясы суға батқан "Титаникке" жылсайынғы экспедиция жасауға дайындалып жатыр. Оның келесі сапары 2023 жылы мамырға жоспарланған.
Осы үнге дейін су түбіндегі кемені көргендер 250 адамға жетпейді.
"Бұл "миссия мамандарына" (компания экипаж мүшелерін осылай атайды) жоғарғы деңгейдегі жауапкершілікті қоюға міндеттейді, алайда сонымен бірге баға жетпес артықшылықтар береді. Егер сіз су түбіне командамен бірге түсуге дайын болсаңыз, онда сіздің жасыңыз 18-ден асқан, кішігірім теңіз көліктерін басқара алуыңыз керек, аяқтарыңыз мықты болуы керек, текпешекпен шығуды және ауыр заттарды тасуға дайын болуыңыз керек. Әрине, сонымен қатар шығындарды өтеу үшін, оның ішінде экспедиция кезіндегі қолдау және жаттығу ақысын өтеуге 250 мың еуроңыз (118 миллион теңге) болуы қажет", - деп жазады басылым.
Егер сіз командаға өтсеңіз, сіз "Титан" су асты кемесімен сегіз күндік сапарға аттанасыз.
"Кеме сіз ойлағандай апатқа ұшыраған кеменің атымен емес, Сатурнның серігінің атымен аталған. Экипаж мүшелері апат болған жерді егжей-тегжейлі құжаттауға, 4K бейне мен 3D лазерлік сканерлеу және ультрадыбыстық локатор арқылы теңіз биологиясы мен археологиясын зерттеуге көмектеседі", - дейді сапарды ұйымдастырушылар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!