"Стюардессалар қосымша табыс көзін тапты" - БАҚ

Ірі әуекомпаниялардың стюардессалары танымал OnlyFans платформасында ашық суреттер мен видеолар жариялай бастады. Оның басты себебі - жаһандық пандемия кезінде және рейстердің қысқаруына байланысты қосымша табыс табу, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

OnlyFans платформасы қолданушыларға ашық түскен суреттер мен видеоларын сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұтынушылар OnlyFans қатысушыларына "тапсырма" бере алады - нақты бір қалыпта түсу немесе видеоға бір қозғалысты түсіру. Осылайша, бортсерік қыздардың бірі оның аккаунтына жазылу үшін айына 10 фунт (5 590 теңге) алады. OnlyFans-қа қатысу арқылы қолданушы айына жеті мың долларға (шамамен үш миллион теңге) дейін табыс таба алады, алайда орташа баға бұл сомадан әлдеқайда төмен және 1 500 доллар (шамамен 640 мың теңге) шамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Used tights and shoes ? (@cabincrewusedtightsshoes)

Стюардессалар көптеген суреттерінде ұшақ бортында өздерінің жұмыс киімімен түседі. Клиенттерді іздеу үшін OnlyFans қолданушылары Instagram желісін жиі қолданады, ондағы суреттер ашық деп айтуға келмес, бірақ тартымды суреттер көп. 

"Бәріне сәлем! Жекеге шығуға ұялмаңыз және кез келген нәрсе сұрауға рұқсат. "Бортқа қош келдіңіз", - деп жазады қатысушылардың бірі. 

"Ешкімге зиянымыз жоқ", - дейді екіншісі. 

Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, алғыр стюардессалар өзі киген киімдерді не аяқ киімдерді Instagram желісінде не eBay-де сатады. Шамамен үштен 180 фунтқа (1 677-ден 100 629 теңгеге дейін) бағаланады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Used Cabin Crew Shoes & Tights (@usedcabincrewshoes)

Пандемияға байланысты әуекомпанияларда айлық қысқарып, жұмыстан шығарулар жиілеген. Соған қарамастан British Airways, Ryanair және EasyJet қызметтік тексеру бастаған.