Стюардесса ұшақтағы жолаушылардың көзінен тыс құпия бөлмелер туралы айтты

Америкалық стюардесса ұшақта жолаушылардың көзінен тыс құпия бөлмелердің бары туралы айтты. Стюардесса өз тәжірибесімен TikTok желісінде жариялаған видеода бөлісті.

Сонымен, стюардесса Кат Камаланидің айтуынша, лайнерлерде экипаж қызметкерлеріне арналған арнайы орындар бар. "Егер рейс ұзақ болса, онда стюардессалардың жартысы сол жерге барып демалуына болад", - деп жалғады сөзін ол.

Камалани сондай-ақ, осындай бөлмелердің фотосуретін көрсетіп, оның ішінде ұйықтауға болатын бірнеше тар кереуеттер бар екенін айтты. "Демалғаннан кейін сізге экипаждың басқа қызметкерімен орын ауыстыру қажет болады. Ұзақ уақыт тәжірибесі бар стюардессалар қай орынға демалғысы келетінін бірінші болып таңдай алады", - деп түсіндірді видео авторы.

Сонымен қатар, ол туристерге бұл бөлмелерге кіруге тіпті тырыспай-ақ қою керектігін ескертті, өйткені оларға әуе компаниясының қызметкерлері ғана кіре алады. "Сонымен қатар, сіз олардың қай жерде екенін ешқашан біле алмайсыз. Егер сіз оған кіруге тырыссаңыз, сізді жай ғана рейстен алып тастайды ", - деп аяқтады ол сөзін.

@katkamalani

Secrets from a Flight Attendant #travelhacks #flightattendant #fyp #flightattendantlife #lifehacks #influencer

♬ original sound - Kat Kamalani