Ресейлік стюардесса ұшақ әуеге көтерілген кезде болатын табиғаттың ерекше құбылыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Бортсерік қыз Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады. Кадрда аспанның жарқылдағаны түсірілген, ол құдды бір тармақталған көк найзағай секілді. Ұшақ тізгініндегі ұшқыштың айтуынша, бұл найзағай емес, әулие Эльманың оттары екен.
Бұл құбылыс өте сирек кездеседі, ол алғаш рет теңіз кемелерінде байқалған және теңізшілердің католик қамқоршысы - әулие Эльма атымен аталған. Оттар атмосферадағы электр жазығында жоғарғы қысымнан пайда болады және кемелердің мачтасында (кеме желкенінің ағашы), тау шыңында, электрсымдарының тізбегінде, биік ағаштардың басында және шіркеулердің ең биік нүктесінде пайда болады екен.
"Авиацияда оттар жел шынылары мен ұшақ корпусының тоғысуынан, найзағай фронтының жанында немесе ол арқылы ұшқан кезде қанаттар мен статикалық разрядтағыштарда пайда болады. Сондай-ақ оны лайнердің жанартау күлінің ошағына тап болғанда көруге болады", - дейді стюардесса.
Соған қарамастан әулие Эльма оттары ұшақ үшін де жолаушыларға да қауіпті емес.
Публикация от ????? ✈︎ ЗАПИСКИ СТЮАРДЕССЫ (@julia_choco)