Нидерландыдағы Дельфт техникалық университетінің студенті Алехандро Нуньеса ұшақтың екі деңгейлі кабина тұжырымдамасын ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Unilad сайтына сілтеме жасап.
Оның дизайны Crystal Cabin Awards (CCA) қысқа тізіміне енді. Жобада орындықтары бар екі деңгейлі кабина қарастырылған. Олардың кейбіреуі еденде, ал басқалары жерден бірнеше метр биіктікте орналасқан.
CCA - әуе кемелерінің интерьеріндегі ең жақсы және ерекше инновациялар мен тенденцияларды көрсететін жыл сайынғы байқау. Әдетте жыл сайын сегіз аталым бойынша жеңімпаздар анықталатын. Ал биыл санат саны екі негізгі марапатқа - "төрешілер таңдауы" және "таза және қауіпсіз ұшу үшін сыйлық" болып қысқарды.
Нунес Висенте Еуропаны эконом-класпен саяхаттаған. Сол кездегі тәжірибесі осындай жұмыстың пайда болуына әсер еткен. Өйткені ол үнемі аяққа орын аз болып қалғанынан шағымданып жүрген. Сөйтіп шешімін өзі табуға тырысқан.
Аяққа орын болмағандықтан, ол алдыңғы қатардағы орындықтарды көтереді. Мұндай дизайн жоғары деңгейлі орындықтар үшін салонда көбірек орын қалдырып, жоғарғы қол жүгі бөлігін алып тастайды. Оның орнына қол жүгі орындықтың астындағы бөлімдерде сақталады.
The Chaise Longue Economy Seat Project; a dual-level seat cabin, with each row alternating between on-floor seating, and seats elevated a few meters above ground.
— TJ (@nyabinghidread) May 30, 2021
Entered by 21-yr old Alejandro Núñez Vicente, for the Crystal Cabin Awardshttps://t.co/u82GQsABAa pic.twitter.com/W3shn6KIf1
Автор бұл дизайн қазіргі уақытта TU Delft-те әзірленіп жатқан Flying-V ұшағы үшін қолайлы деп санайды. Оның айтуынша, тұжырымдаманы Boeing 747, Airbus A330 немесе кез келген басқа орта және үлкен ұшақтарда да жүзеге асыруға болады.
"Тұжырымдама жолаушылар арасында көбірек орын беріп, оларды әртүрлі биіктікте орналастыратындықтан, пандемия кезінде ұшуға ыңғайлы", - деді Висенте.
Ол орындықты артқа қарай шалқайтуға, мойын қоятын жерді ыңғайлап алуға болатындай етіп әзірленген. Тіпті, орындықтарды орнынан қозғап, жинап тастауға болады. Сонда ұшақ ол жүк тасымалдауға дайын болады.
Енді мұндай кабинаның прототипін жасау керек. Висенте жұмысының келесі сатысы сол болып тұр.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!