Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирустық антигенге тапсырған сынағы оң болғанын, енді екінші ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Антигендік тест - антиденелерді тексеру емес, мұндай зерттеулер ағзадан белгілі бір вирустық антигенді анықтайды, бұл инфекция бар деген сөз.
"Мен бүгін дене қызуым 37,3-ке көтеріліп, аздап бас ауырғаннан кейін антигенге тест тапсырдым, оң нәтиже берді. Өте мұқият болу керек. Барлық ұсынысды орындаңыздар. Пандемия аяқталған жоқ", - деп жазды ол Twitter-де.
Аргентина президенті қазіргі уақытта ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Ол сондай-ақ жағдайы жақсы екенін жазды.
Қаңтарда Президент әкімшілігі оның "Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін салдырғанын хабарлаған болатын.
Фернандеске коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасы егілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!