Сочиге демалуға келген қытайлық қайтыс болды

Қытайлық турист Сочиде мамыр мерекелеріне демалысқа келіп, тау өзенінде қайтыс болды. Бұл туралы "Комсомольская правда" жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

24 жастағы аты-жөні жарияланбаған қытайлық азамат екі құрбысымен мамыр мерекесін Красная Поляна курортында өткізгісі келген.

Студенттер Мзымта өзенінің бойында рафтингпен жүзген және қасында жергілікті нұсқаушы болған. Алайда, экстремалды ойын-сауық кезінде үрленетін қайық қоршауға түсіп, төңкеріледі. Екі қыз тез жүзіп шыққан, ал үшіншісі батып кеткен.

Басылым мәліметінше, сол күні Ресей ТЖМ Оңтүстік аймақтық іздестіру-құтқару жасағының қызметкерлері Эсто Садок теміржол станциясының жанында жоғалған туристің денесін өзеннен тапқан. Қазір болған оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қайтыс болған қыз Мәскеудегі Азия және Африка мемлекеттік институтында екінші курста оқыған.