Сочиде туристер отырған әуе шары теңізге құлады

Бортында төрт адам болған шар Сочидің Лазаревский ауданындағы Қара теңізге құлады. Балықшылар адамдарды құтқарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

РИА Новости мәліметінше, оқиға "Солох-ауыл" саябағындағы жағадан 100 метр қашықтықта болған, әуе шары бекіткіш арқаннан құлап кеткен. Құтқарылғандар жағаға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады. Оқиғаның себептері туралы әлі ақпарат жоқ.

"Біздің қызметкерлеріміздің көмегі қажет болмады. Құтқарушылар 112 нөміріне қоңырау шалғаннан кейін шықты, бірақ сол жерде балықшылар көмектесе алды", - деді агенттіктің дереккөзі.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!