Сочи жағажайында туристер жаппай төбелесті. Видео

Сочи қаласының жағажайларының бірінде туристер жаппай төбелесті. Оқиғаның видеосын "ЧП Сочи" Telеgram-каналы жариялады. 

Бейнебақылау құрылғылары түсірген кадрларда үш адамның жағажайдағы медициналық пункттің алдында тұрған бір топ адамға жүгіріп келгенін байқауға болады. Олар бірден шабуылға көшеді, алайда бір топ адамның арасында тұрған ер адам ұзын таяқпен қорғанып, тойтарыс береді. Ол біреуін құлатып, бірнеше соққы жасайды. Сосын ол өз жолдастарына көмектесіп, қарсыластарын қуып тынады. Төбелесті бастағандар қашып құтылған. 

Полиция оқиғаның мән-жайын және төбелескендердің кім екендерін анықтап жатыр. 

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!