Сноубордшы Эльбруста 4,7 мың метр биіктікте жоғалып кетті

Құтқарушылар Эльбруста 4,7 мың метр биіктікте жоғалып кеткен сноубордшыны іздеуге шықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Кабардино-Балкария бойынша Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, саяхатшы 12 наурызда Мәскеу уақытымен 21 сағаттан бастап байланысқа шықпаған. Болжам бойынша, сноубордшы Пастухов жартастарында жоғалып кетті.

Қазір оны Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы іздестіру-құтқару жасағының алты құтқарушысы іздеп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!