СІМ Таиландтағы бірнеше өлім оқиғасынан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады

Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы отандастар өлімінің көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

"Құтқарушылар қазақстандықты судан алып шығып, жасанды тыныс алғызып, дәрігерлерге тапсырғаны туралы ақпарат бар. Ол комада, жағдайы ауыр. Таиланд дәрігерлері бастапқыда Қазақстанға жіберуге қарсы болған. Бұл туралы оның әпкесі айтты. 3 маусымда тағы бір азаматымыз қайтыс болды", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұл соңғы аптадағы екінші жағдай. 3 маусымда сол жағалауда тағы бір қазақстандық барлық тыйымдарға қарамастан суға түскен. Смадияров жақын арада олардың денесі туыстарының есебінен Қазақстанға жеткізілетінін мәлімдеді.

"Таиланд полициясының мәліметінше, мұндай әрекеттерге ТМД елдерінің туристері барады. Статистика жыл сайын өсіп келеді. Біз өз азаматтарымызға үндеу жолдаймыз: сіз өзіңіз тұрған елдің барлық талаптарын, заңдары мен ережелерін қатаң сақтауыңыз керек. Егер суға шомылуға тыйым салынған болса, онда түсуге болмайды. Осы кезеңдегі толқындар өте қауіпті", - деді Айбек Смадияров.

Марқұмның әпкесі Артур қалыңдығымен Таиландқа демалуға барғанын айтты. Олар теңізде жүзіп бара жатқанда, қатты толқындар көтеріліп, оның қалыңдығы суға бата бастаған. Жігіт көмектесуге асығып, қалыңдығын құтқарып қалды. Алайда оның өзі толқынның астында қалды. Кейін ес-түссіз халде ол ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!