Сицилияда үйлер бір еуроға сатылып жатыр

Италиялық Сицилияның Салеми қаласында 30-дан аса үй бір еуроға сатылып жатыр, - деп хабарлайды The Sun.

Сатып алушыларға жөндеуді қажет ететін ғимараттар ұсынылады. Олардың кейбіреулері 1968 жылдан бастап, жер сілкінісінен кейін қаңырап бос тұр. 

"Барлық үйлер қалалық кеңеске тиесілі, бұл сатылымды тездетеді және бюрократияны азайтады. Сатылымға шығарар кезде біз Салеми қаласының осы аудандарын қалпына келтірдік, инфрақұрылымды, жолдарды, электр желілерін, кәрізді жаңарттық", - деді қала әкімі Доменико Венути.

Сондай-ақ, қалада сан түрлі мейрамханалар мен кафелер, Норман сарайы мен мұражайлар бар.

Қалалық кеңес осы факторлар әлеуетті сатып алушыларды тартады деп үміттенеді.

Бір ғана нюанс - болашақ үй иелері ғимарат жөнделгенге дейін ол үшін жыл сайын 250 евро мөлшерінде сақтандыру төлеуге мәжбүр болады екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!