Сицилия аралында Еуропадағы ең үлкен жанартау атқылады

©️REUTERS

Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы атылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы атылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұлттық геофизика және вулканология институты жергілікті уақыт бойынша 16.10-да жанартаудың белсендігі жоғарылағанын тіркеді. Бұл 2,9-дан 3 шақырымға дейінгі тереңдікте болған жер асты дүмпулеріне байланысты.

©️REUTERS

Реклама
Реклама

Атқылау биіктігі бір шақырымнан асты. Сонымен қатар, вулканологтар бұл оқиға жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейді деп сендіреді.

"Қазір уайымдамай, көріністен ләззат алуға болады", - деді Марок Нери ұлттық геофизика және вулканология институтының маманы.

©️REUTERS

Катанияда түтін мен ауаға атқылаған күл салдарынан халықаралық әуежайдың жұмысын тоқтатуға тура келді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

©️REUTERS

Ал жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жанартаудың суреттері мен видеосын таратып жатыр. 

Этна - Еуропадағы ең үлкен және белсенді жанартау, оның биіктігі 3,3 мың метрге жетеді. Осыған дейін қаңтардың соңында жергілікті тұрғындар жанартаудан лава атқылаған көріністі бақылаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная